Қарағандыда дәрігерлер сүтке күйіп қалған баланы құтқарып қалды

www.inform.kz
Ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, бүлдіршін қайнап тұрған сүтке күйіп қалған.

Қарағандыда дәрігерлер сүтке күйіп қалған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 ай бұрын облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыр халдегі бала түскен еді. Оның денесінің 65%-ын күйік шалған», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, бүлдіршін қайнап тұрған сүтке күйіп қалған.

«Анасының айтуынша, баланың үстіне ыстық сүт құйылып кеткен. Соның салдарынан баланың арқасын, қолын, тізесін күйік шалған. Мұндай жағдайда баланың тірі қалуы өте қиын», - деді ол.

Айжан Исаның сөзінше, жалпы 10 рет ота жасалған.

«Баланың өмірін сақтап қалды, ол үйіне қайтарылды, бірақ оған пластикалық ота жасау керек», - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды