Алматы облысының білім беру саласында соңғы үш жылда 22 лауазымды тұлға сотталды

zhambylnews.kz
Оқу орындарында сыбайлас жемқорлық деректері жиілеп барады.

Алматы облысының білім беру саласында соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 70 қылмыстық іс қозғалған. 67 іс бойынша 22 лауазымды тұлға сотталды, деп жазады Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлық деректері жиілеп барады. Осы жағдайға байланысты дабыл қаққан сала мамандары Талдықорғанда 600-ден астам мектеп директорының басын қосты.

Білім ордаларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды ақылы даярлаудың өзі - жемқорлықтың белгісі.

Себебі, тестілеуге дайындық оқу бағдарламасының шеңберінде өтеді.

Ал, білім беру туралы заңнамаларда жалпы білім беру тегін жүргізілетіні көрсетілген.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы: Бір балаға 500 теңге деген аз ақша сияқты. Бірақ, бүкіл облыс деңгейінде алсақ, бұл көлемді ақша. Оның барлығы түптеп келгенде сыбайлас жемқорлықтың тікелей элементіне жатады. Ол бүгінгі күні мектеп қабырғасында ата-аналардан ақша жинау көрінісі.

Қуаныш Қанатұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды