Өскемендіктер ойыншық мылтықпен дүкен тонаған

nikvesti.com
20 наурыз күні «102» желісіне қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысынан қоңырау түскен.

Өскеменде азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

20 наурыз күні «102» желісіне қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысынан қоңырау түскен.

Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз екі ер адам тапаншаға ұқсас затпен қорқыту арқылы, дүкендегі ақшаны алып кеткен.

Защита ауданында орналасқан дүкенде кеш мезгілінде сатушыдан басқа ешкім болмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап,бейнебақылау камераларындағы көріністі қарап шықты.

Сатушы шабуыл жасаған адамдардың бет-бейнесін түсіндіріп бере алмаған. Бірнеше күннен соң қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 және 30 жастағы облыс орталығының екі тұрғыны қолға түсті.

Оларды біреуінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Тергеу барысында тапаншаның ойыншық болғаны және олар тонаған ақша көлемі 8 мың теңге екендігі анықталды. Қазір ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты