Кентауда үшем дүниеге келді

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінен арнайы мамандар барып, сәбилер мен олардың анасының жағдайын біліп қайтты.

Фатима, Зухра, Хурсан. Бұл Кентауда дүниеге келген үшемге берілген есім. Үшемдер 18 ақпанда дүниеге келген. Салмақтары да төмен болып туылғандықтан бүгінде үшем анасымен бірге Түркістан қаласының балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Зухра мен Хурсанның қазіргі жағдайлары жақсы. Ал салмағы бір келіге де жетпейтін Фатима дәрігерлердің бақылауында. Қала әкімдігінен арнайы мамандар барып, сәбилер мен олардың анасының жағдайын біліп қайтты.

Үшемді өмірге алып келген Дилфуза Шәмшиеваны Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Қайрат Ахметов қала әкімі атынан арнайы құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр