БҚО-да еріген қар суына шыдамаған дамба қирап қалды

Sn.kz
Жөндеу жүргізген құрылыс компаниясы енді келісімшарт аясында бұзылған дамбаны өз есебінен жөндеп беруі тиіс.

БҚО Зеленов ауданына қарасты Переметное ауылына жақын маңда дамба қирап қалды, деп хабарлайды Sn.kz.

БАҚ өкілдерінің жазуынша, аталған бөгет былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен екен.

Жөндеу жүргізген құрылыс компаниясы енді келісімшарт аясында бұзылған дамбаны өз есебінен жөндеп беруі тиіс.

"Биыл қар көп болды. Сол қар ерігеннен кейін судың қысымына шыдас бермеген дамба жарылып кетті. Құрылыс компаниясы кепілдік міндеті аясында барлық жұмысты өзі атқарады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов болса жобалаушыларды жауапқа тартуды тапсырды", - деді БҚО әкімінің кеңесшісі Жарқын Жұмаділов.

Айта кетейік, Зеленов ауданындағы дамбаны нығайту жұмыстары 2017 жылы жүргізілген. Оның суын Переметное, Полевое, Қаражар және Зеленое елдімекендерінің тұрғындары шаруашылыққа пайдаланады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды