"Зимняя вишня" сауда орталығынан шыққан өртке шатырда еріген қар себеп болған

Тoday.kz
Мамандардың сөзінше, өрт қосулы тұрған вентиляцияның әсерінен өршіп кеткен.

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығынан шыққан өртке шатырда тұрып еріген қар себеп болған, деп хабарлайды Today.kz.

Сараптаманың алдын ала қорытындысын "Коммерсантъ" басылымына дереккөз хабарлады. Зерттеу жұмысы Ресей ТЖМ Санкт- Петербург университеті өрт сараптау орталығында жүргізілген.

Сарапшылардың алдын ала болжамы бойынша, төртінші қабаттағы балалар ойнайтын алаңның үстінде өрт тұтанған. Сауда орталығының шатырындағы қар тазаланбаған, қар еріп, сымға тиген. Алдымен балалардың құрғақ бассейні үстіндегі пластик аспашам өртенген.

Мамандардың сөзінше, өрт қосулы тұрған вентиляцияның әсерінен өршіп кеткен. Сондықтан жоғарғы қабат түтінге толған.

Автоматты түрде сөндіретін құрал да қосулы болғанымен, сол сәтте жұмыс істемей қалғаны да айтылды.

Естеріңізге салайық, өрт 25 наурызда болды. Ғимараттан сыртқа шыға алмаған 64 адам дүние салды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша тергеліп жатыр, жеті адам тұтқынға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі