Павлодарлық студент қолшатыр әрі орындық болатын таяқ ойлап шығарды

Рavlodarnews.kz
Оны жасауға екі айдай уақыт кетті.

Павлодар түсті металлургия колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Талант, технологиялар, шығармашылық» атты техникалық туындылардың байқауы өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш оқу орны директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Надежда Агеева мұндай шара бесінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанын айтты.

- Бұл негізінен техникалық шығармашылық көрмесі, - деді Надежда Агеева. – Бізде техникалық үйірмелер бар. Оқу жылының аяғында сол үйірмеде жыл бойы жасалған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, көрмеге қойылады. Осы жылы өңіріміздегі барлық колледждерді шақырып, облыстық деңгейде өткізіп отырмыз. Үздік жұмыстар Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына жіберіледі. Жүлдегерлер мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Колледж студенттері «қазіргі жоба үлгілері» және «техника және технология» бағыттары бойынша сынға түсуде.

Ерекше туындылардың қатарында Екібастұз құрылыс техникалық колледжінің 1-курс студенті Болатбек Тамашаның да жобасы бар.

- Бүгін қарт адамдарға арналған әмбебап таяқшаны ұсынып отырмын, - деді Болатбек Тамаша. – Оны жасауға екі айдай уақыт кетті. Колледждегі ұстаздарымның, басшылықтың көмегімен іске асырылды. Егде жастағы адамдарға арналған таяқты қариялар шаршаған кезінде орындық ретінде пайдаланса болады. Сонымен қатар, жауын-шашын кезінде, күннің ысыған шағында қолшатыр бола алады. Бір таяқшаның құны төрт мың теңгеге шағады. Алдағы уақытта патент алып, демеушілер қарастыру ойымызда бар.

Айта кетейік, сайысқа өңіріміздің 14 колледжінен 30 жоба ұсынылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты