Алматыда жолаушылар автобусы қыз баланы қағып өлтірді

zakon.kz
Қатты соққыдан жәбірленуші 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Алматыда Tөле би көшесінде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, 126-бағыттағы автобус жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Айтуларынша, бағдаршамның жасыл түсі өшейін деп жатқанда, автобус қиылыстан өтіп кетуге тырысқан. Осы кезде қыз бала жолдың шетінде жолды кесіп өтуге дайындалып тұрған. Автобус оны қағып кеткен.

Қатты соққыдан жәбірленуші 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Апаттың мән-жайын полицейлер тексеретін болады. Қиылыста бейнебақылау камералары орнатылған, бұл жағдайдың анық-қанығын анықтауға көмектеседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді