Шымкентте заңсыз ойынханалардың жұмыстары әшкереленді

otyrar.kz
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы 2-16 сәуір аралығында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент қаласының аумағындағы заңсыз жұмыс істейтін ойынханалар мен ойын автоматтар залын анықтау бағытында жедел алдын-алу іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Нәтижесінде қала аумағында заңсыз жұмыс істеп келген 6 ойынхана әшкере болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мәселен, 11.04.2018ж ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қалада орналасқан ойынханалардың бірінің заңсыз жұмысын анықтап, ойынхананың егесі жауапқа тартылды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдағы уақыттарда ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері соңы қылмысқа ұрындыратын құмар ойындарын жою бағытындағы жұмыстарын жалғастыратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды