Астанада 117 студенттің оқудан шығарылуы: Сертификат сатқандар табылды

www.inform.kz
Еске салайық, «Астана» медициналық университетінде дау шыққан болатын.

Астана полициясы «Астана» медициналық университетінің 117 студентінің оқудан шығуына себеп болған жалған IELTS сертификаттарын сатқан күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана ІІД Тергеу басқармасында «IELTS» халықаралық сертификаттарын қолдан жасау фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер анықталып, оларға қатысты сертификаттарды сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу барысы ІІД басшылығының қадағалауында», - деп хабарлады департаменттен.

Сондай-ақ, ІІД-де жалған сертификаттарды қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 385-бабы бойынша 27 қылмыстық істің сотқа жолданғаны атап өтілді. Сертификаттарды қолдану бойынша қалған жағдайлар өндірісте жатыр. Процессуалдық шешім қысқа мерзімде қабылданады.

Еске салайық, «Астана» медициналық университетінде дау шыққан болатын.

Мұнда магистратура, резидентура және докторантураға оқуға түсу кезінде қолдан жасалған IELTS сертификаттарын қолданғаны үшін 117 студент оқудан шығарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі