Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

sputniknews.kz
Тұрмыстық жанжал кезінде ағасы немере қарындасын аяусыз өлтірген.

Қостанай облысы Славенка ауылындағы жантүршігерлік қылмыс бойынша іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды sputniknews.kz "Алау" жергілікті басылымы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыс 2017 жылдың 24 желтоқсанында болған. Бір отбасы мүшелері бірігіп ішімдік ішіп отырып, артынша жанжал туындаған екен.

Сот мәліметі бойынша, 29 жастағы айыпталушы, оның әкесі мен келген қонақ үйде ішімдік ішіп отырады. Кейін оларға сол үйде уақытша тұрып жатқан сотталушының немере қарындасы қосылған.

"Сотталушы мен қарындасы ұрысысып қалып, ер адам әйелдің кеудесіне алты рет пышақ салған. Әрі қарай бауыздап, басын кесіп алған", — делінген сот хабарламасында.

Іс бойынша бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті