Үйленбей жүрген жігіттерге арналған рецепт 

ernur.kz
Орамалдың басына түйілген тиынды "Жаратып жіберме,үйіңе апарып сақта, саған бақ тиын" деген асаба әрі қарай үйленудің "рецебін де" айтып береді.

Өткен жолы жігіттерден ақша сұрап беташарға келген халықты күлкіге қарық қылған асаба, бұл жолы бойдақтарға үйленудің тәсілін айтып желі оқырмандарының көңілін көтерді, деп жазады ernur.kz.

Беташарда келіннің оқтауын ұстап тұрған жігіттің бойдақ екенін білген асаба, оқтауға байланған орамалды табыстап тұрып, "Бұл жігіт те еріккеннен тұрған жоқ күннің астында. Үйленгісі келіп тұрған шығар? Қазақ ырымшыл халық, үйленуге әрекет жаса... " деп тапсырма берді.

Сонымен қатар, орамалдың басына түйілген тиынды "Жаратып жіберме,үйіңе апарып сақта, саған бақ тиын" деген асаба әрі қарай үйленудің "рецебін де" айтып береді.

Айтуынша, орта кесеге су құйып, оған тиындарды салып, күн сайын таңертең екі шәй қасық аш қарынға ішу керек екен. Бұны естіген қонақтар қыран-топан күлкіге қалды. Әзілкеш асаба қалжың сөзімен түйреп, "Елдің мазағын, қатынның азабын көрме" деген ақжарма тілегін де ұмытпапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды