Еліміз бойынша «Қаһарман даңғылы» акциясы өтіп жатыр

Белсенділер соғыс батырларының атындағы көшелер мен ескерткіштерді қоқыстан тазартып, жақсы істе жарысып жүр.

Еліміз бойынша «Қаһарман даңғылы» акциясы өтіп жатыр Қаһарман даңғылы. Осындай атаумен еліміз бойынша акция өтіп жатыр. Сәуір айынан басталған игі шарада «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері соғыс батырларының атындағы көшелер мен ескерткіштерді қоқыстан тазартып, жақсы істе жарысып жүр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Жалпы елімізде майдангерлердің есімі берілген мыңнан аса көше бар. Акция барысында солардың бәрін қамту көзделген.

Сондай-ақ жастар майдангерлердің үйіне барып, шаруаларына жәрдемдесуде. Айталық, «жас отандықтар» еліміз бойынша күні бүгінге дейін 440-қа жуық ардагерге көмек көрсетіп үлгерген. Ізгі шара әлі де жалғаса бермек.

Дәулет Кәрібек, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы: - Бұл акция бір реттік емес. Бұл акция жүйелі түрде енді әр ай сайын осындай тарихи маңызы бар соғыс ардагерлерінің үй жайлары мен ескерткіштерінің қасында өткізіліп тұратын болады. Осы еліміздің 16 аймағы бойынша бұл акцияға 1500-ден аса адам тартылып отыр. Қазіргі таңның өзінде 70-тен аса көшені тазарттық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: