Оралда 90-ға жуық адамды кене шақты

www.inform.kz
Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, мұндай жайт 12 сәуірден бері тіркелген.

Орал қаласында 84 адамды кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, мұндай жайт 12 сәуірден бері тіркелген.

Олардың бәрі ауруханаға, жарақат пунктіне келіп, кенелерін алдырған. Қан сынамаларын алып тексергенде, туляремия ауруы ешкімнен анықталған жоқ.

«Кене шағу оқиғалары болып тұрады. Ең бастысы, туляремия сияқты жұқпалы ауруды жұқтырмаса болды», - деді М.Танауов.

Сол секілді қалада жыл басынан бері бес адамның вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаны тіркелді.

Өткен жылы осы мерзімде 4 адам науқастанған еді. Мұны да қалыпты жағдай деуге болады. Бұл дерт жеміс-жидекті жумай жеген жағдайда жұғады, лас жерлерден де тарауы мүмкін. Сондықтан жазға қарай көбеюі ықтимал.

«Ауырған адамдармен байланыста болғандардың бәрі де бақыланды. Олардың арасынан гепатиттің А түрі тіркелген жоқ. Ең маңыздысы, аурудың өршіп, адамдардың жаппай ауыруына жол бермеу қажет», - деді Мәдениет Танауов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады