Елімізде несиені ең көп алатын өңір анықталды

ult.kz
Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк деректерін саралай келе, Қазақстандағы несиені көп алатын өңір белгілі болды.

Қазақстанда несиені ең көп алатын Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк деректерін саралай келе, Ranking.kz тұтынушы қарызының көлемі бойынша қалалар рейтингін ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жалпы айтқанда, Қазақстанда несие алу көлемі артып келеді. 2018 жылдың наурыз айы соңындағы ахуал бойынша бір жыл ішінде несие мөлшері 16,9%-ға артып, экономикалық белсенді тұрғын басына шаққанда 331,2 мың теңге болған.

Еліміздің несиені ең көп алатын тұрғындары – алматылықтар: экономикалық белсенді адам басына шаққанда тұтынушы қарызының көлемі 1,2 миллион теңге.

Екінші орында Маңғыстау облысы, онда несие мөлшері адам басына шаққанда 522,6 мың теңге болды.

Ал, осы көрсеткіш бойынша үшінші орында Астана екен — 458,6 мың теңге.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме