Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мәскеуде Ресей мүфтиімен кездесті

ҚМДБ баспасөз қызметі
Кездесу барысында көршілес елдердің рухани-мәдени, діни саладағы қарым-қатынасы сөз болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды деп жазады www.muftyat.kz.

Сапардың бірінші күнінде еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Кездесу барысында көршілес елдердің рухани-мәдени, діни саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Қазақстан мен Ресей мұсылмандары Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың нығайып келе жатқандығы айрықша аталды. Тараптар әңгіме барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен наурыз айында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы пікір алмасты. Серікбай қажы Ораз аталған халықаралық форум Орталық Азия мен Еуразия елдерінің дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеп, бірлікке шақырғанын тілге тиек етті.

Екі елдің мүфтилері игі істерде өзара бірігіп қызмет ету, діни радикализм мен экстремизмнің қаупін алдын алу, қазіргі сын-қатерлер мен діни мәселелерге қатысты бірыңғай пәтуа шығарудың маңыздылығы жөнінде әңгімелесті. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Сұхбат барысында Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жанынан құрылған Хатшылық жұмысын жан-жақты жетілдіру мәселесі талқыланды.

Ресми кездесуден кейін Серікбай қажы Ораз Мәскеудің Орталық мешітіне жиналған жамағатқа рамазан айының қадір-қасиеті мен мұсылман үмбетінің бірлігі жайлы уағыз айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент