Назарбаев өзі оқыған мектепті музей етіп жіберуге тыйым салды – Баталов

Baq.kz 
Ауыл тұрғындары мен бұл бастаманы көтерген меценаттар ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын экспонаттарды орналастыратын ғимарат салу туралы шешімге келген.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын құру туралы идея қайдан пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Шамалғанда музей болған, ол мектептің орташа үш бөлмесін алып тұрған. Ол жерде сабақ өтетін, ал көптеген турист біздің тұңғыш Президентіміздің туған жеріне келіп көргілері келетін», - дейді Баталов Астанада өткен орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, мектепті жабу және одан музей жасау туралы ойға алып келген белгілі бір жағдайлар болған. Бұл идеяны естіген Қазақстан Республикасының Президенті мектепті жабуға тыйым салған және оқушылардың сабақ оқуына кедергі жасамауды, сабақты үзіп тастамауды тапсырған. Сол себепті ауыл тұрғындары мен бұл бастаманы көтерген меценаттар ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын экспонаттарды орналастыратын ғимарат салу туралы шешімге келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды