Мысырдың елшісі елордалық ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алды

elorda.info
Мысыр елшісінің жүргізуші куәлігін ауыстыруға небәрі жарты сағат уақыт кеткен.

Мысырдың Қазақстандағы елшісі Камел Ибрахим Хайсам Салах Астана қаласындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, жарты сағаттың ішінде жүргізуші куәлігін алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін Мысырдың Қазақстандағы елшісі Камел Ибрахим Хайсам Салах мемлекеттік қызмет көрсету қызметін бағалап және жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін елорданың АрнайыХҚКО - келді. Өзінің алғашқы жүргізуші куәлігін елші Арнайы ХҚКО болмаған кезде алған болатын. Бүгін жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде ол қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне таңғалды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Сондай-ақ ол мысыр елшісінің жүргізуші куәлігін ауыстыруға небәрі жарты сағат уақыт кеткенін атап өтті. Елші жылдам әрі сыпайы қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік корпорацияның қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты