Өскеменде мас әйел түнде біреудің көлігін айдап кеткен

altaynews.kz
Қала ішінде мас күйінде көлікпен серуендеген бикеш автомобильмен соқтығысып қалып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Ішімдікке тойып алған әйел адам түнде автокөлікті айдап әкетіп, күні бойы қала ішінде жүрген. Өскемен қаласы №2 соты осы оқиғаға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Кешкісін бикеш танысымен барда отырады. Бар жабылған соң олар өздерімен бірге ішімдік алып, гаражға барады. Ол жерде түнгі үштерге дейін бірге көңілді отырысты жалғастырған екен. Тым көп ішіп қойған ер адам ұйқыға кеткен. Сол сәтті пайдаланып, әйел оның қалтасынан кілтін алып , автотұрақта тұрған көлігін айдап әкетеді.

Түні бойы қала ішінде мас күйінде көлікпен серуендеген бикеш автомобильмен соқтығысып қалып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол -көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізуші келтірілген залалды 500 мың теңгеге бағалап отыр.

Сот шешімімен әйел кінәлі деп табылды. Алайда жазаны жеңілдететін мән-жайлар – кінәсін мойындау, жасаған ісіне өкініш білдіру, бұрын сотты болмағаны және асырауында кәмелетке толмаған баласының болуы ескеріле отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі