Нығматулин: Медициналық қызметтердің сапасын қоғам бағалау керек

www.inform.kz
Сонымен қатар, Нығматулин үкіметтік емес ұйымдардың көмегі Денсаулық сақтау министрлігіне кейде туындайтын түрлі жағдайларға жылдам әрекет етуіне көмектесетінін атап өтті.

Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен бірінші оқылымда бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру сынды заңнамалық түзетулер қарастырылды, деп жазады Zakon.kz.

Заң жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске түзетулер енгізуді көздейді. Оған сәйкес, азаматтардың медициналық көмектің деңгейіне және сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдарға беру ұсынылады.

Мәжіліс спикері, түзетуді қолдай отырып, былай деді:

Азаматтық қоғам институттары халықтың көңілін, ойын бағалайтын болса, дұрыс болар. Себебі министрліктің басқа да мәселелерге назар аударуы қажет. Ең алдымен, медициналық көмекті сапалы ұйымдастыру керек.

Сонымен бірге Н.Нығматулин үкіметтік емес ұйымдардың көмегі Денсаулық сақтау министрлігіне анда-санда туындайтын әр түрлі жағдайларға жылдам әрекет етуіне көмектесетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды