Өз әйелін тұншықтырып өлтірді деген күдікпен күйеуі қамауға алынды

otyrar.kz
Суға кеткен әйелін құтқарғысы келгенімен марқұм күйеуінен қашпақ болып ағыспен жүзген көрінеді.

Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында суармалы каналдан 20 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Сот медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша әйелдің өліміне суға тұншығып өлгенін анықтаған. Сондай ақ, суға кету емес, қасақана кісі өлтіру екендігі мәлім болған деп жазады otyrar.kz.

ОҚО, Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген тергеу кезінде марқұмның күйеуі күдікті деп танылған. Азаматтық некедегі күйеуі кінәсін толық мойындаған. Күдікті әйелін өлтіргісі келмегенін, тіпті солтүстікке қоныс аударып, бақытты өмір сүргісі келгендігін айтады. Әлеуметтік бағдарлама арқылы солтүстікке көшкісі келген жас отағасының бұл ұсынысы әйеліне ұнамай қалған көрінеді. Сөйтіп, даудың басы осыдан басталған дейді күдікті.

Ортақ шешімге келе алмаған екеуі көшеде бірден керісе жөнеледі. Керісу соңы төбелеспен тынып, тіпті ерлі — зайыпты байқаусызда канал суына құлап кеткен.

Суға кеткен әйелін құтқарғысы келгенімен марқұм күйеуінен қашпақ болып ағыспен жүзген көрінеді. Күдікті солай деген. Сот азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен ер адамды екі айға қамауға алу туралы санкциялық шешім шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі