Атырау облысында жасөспірім мен бала суға ағып кетті

www.gagauz.md
19 маусымда 15.06-да кезекшілік бөліміне Махамбет ауданы Талдыкөл кентінде Жайық өзеніне 8 жасар баланың ағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Атырау облысында сейсенбі күні бірден екі адам - 8 жасар бала мен 15 жастағы жасөспірім суға ағып кетті. Олардың денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 маусымда 15.06-да кезекшілік бөліміне Махамбет ауданы Талдыкөл кентінде Жайық өзеніне 8 жасар баланың ағып кеткені туралы хабарлама түскен. Оның денесі әлі табылмаған. Іздеу жұмыстарын Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының мамандары жүргізіп жатыр. Тағы бір қайғылы жағдай сол күні 18.30-да болған. Махамбет ауданы Ақжайық ауылында Жайық өзеніне 15 жастағы жасөспірім суға батып кеткені хабарланды. Оның да денесі әлі табылған жоқ, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/atyrau-oblysynda-zhasospirim-men-bala-suga-agyp-ketti_a3294741

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды