Жаңа мектеп бағдарламасы: үміт пен күдік

kuryk.gimnazia.kz
Елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағадарламасын іске асыру көзделіп отыр.

Жаңа мектеп бағдарламасы: үміт пен күдік. Білім саласындағы өзекті мәселелер «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» кеңесінің жиынында талқыланды. Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамында атап көрсетілген. Бұл туралы zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағадарламасын іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін қолданыстағы Білім стандартына, оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілген. Жаңа оқулықтар мен кадрлар дайындау жайы да өзекті. «Мирас» республикалық кеңесі қатысушыларының айтуынша, білім саласындағы жаңа реформаны елдегі мұғалімдер қолдап отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасыда қолданыстағы құжаттардың мазмұны сақталған. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сәйкес білім беру мақсаттары қосылған.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: Мақсатымыз - білім саласындағы реформалар қандай деңгейде жүзеге асып жатқанын анықтауымыз керек. Жаңа реформаға қарсы емеспіз. Керек болса қолдауға дайынбыз. Ең басты тілегім - бұл білім сапасын арттырып мұғалімдеріміз бәсекеге қабілетілікке жете ме? Жетпей ме? Жетісетін жағдай бола ма деген ойымыз бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді