Археологтар мың жылдық тарихы бар мұсылман тұмарын тауып алды

stan.kz
Иерусалим жерінде археологтар мың жылдық тарихы бар сирек кездесетін тұмар тауып алды.

Сирек кездесетін жәдігер: Археологтар мың жылдық тарихы бар мұсылман тұмарын тауып алды. Бұл туралы «ГородДавида» ұлттық саябағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, арабша жазулары бар балшықтан жасалған тұмардың ұзындығы 1 сантиметр болады. Тұмарға екі дұға жазылған, оның бірі Кәрім деген белгісіз біреуге арналыпты: «Кәрім Аллаға сенеді» және «Алла – бүкіл ғаламның Әміршісі».

Мамандардың сөзінше, тұмар дұға және бәле-жаладан қорғану үшін қолданылған. Бұл жәдігер кішкентай бөлмедегі сылақтар қабатының арасынан табылған.

Бұған дейін осы маңнан өнеркәсіп кешенінің орны табылған. Ендігі табылып отырған тұмардың осы кешенге қатысы бар болуы мүмкін.

Зерттеушілердің топшылауынша, тұмарда жіп өткізуге арналған тесік болмағандықтан, оны иесі өзімен бірге немесе қандай да бір затқа салып алып жүрген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы