Семейде екі бірдей мектеп оқушысын қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 2 жыл 6 айға сотталды. Алайда қаза болған қос бүлдіршіннің ата-анасы сот шешімімен келіспейді, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.
Естеріңізге салайық, 2018 жылы 3 сәуірде 49 жасар жүк көлігінің жүргізушісі Қаржаубайұлы көшесінде екі оқушыны қағып кеткен болатын. Ауыр жарақат алған бүлдіршіндердің бірі жан сақтау бөлімінде көз жұмған еді.
Жол-көлік оқиғасынан кейін ҚР қылмыстық кодекісі 345 бабының 2 тармағына сәйкес жүргізуші үстінен іс қозғалған.
– Сот айыпталушыны ҚР қылмыстық кодекісі 345 бабының 3 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыстық мерзімін қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтейтін болады, – деді №2 сот судьясы Жанат Абенова.
Бақилық болған бүлдіршіндердің ата-аналары сот шешімімен келіспейді. Олар апелляциялық арыз түсірмек.