Қазақстандықтар көп несие ала бастады

zakon.kz
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 733,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 21,5%) азайды.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы мамырдың соңында 12 715,4 млрд теңгені құрады (бір айда 0,1%-ға ұлғаю). Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 971,2 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға азайды, жеке тұлғалардыкі 4 774,2 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда 9 571,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,2%-ға азайды, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 3 143,5 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға азайды, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,1%-ға, жеке тұлғаларға – 3,4%-ға азайды. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы мамырдың соңында 75,3%-ды құрады (2018 жылғы сәуірде - 74,7%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 905,2 млрд тенгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 810,2 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 733,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 21,5%) азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға берген кредиттерінің ең қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 15,1%), өнеркәсіп (14,5%), құрылыс (6,8%), ауыл шаруашылығы (5%) және көлік (4,6%) сияқты салаларға тиесілі.
2018 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 19,3% (19,2%) болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты