Ақтөбеде алғаш рет домбыра күні кеңінен атап өтіледі

www.minber.kz
Қала тұрғындарына мерекелік бағдарламалар, домбыра, вокалшылар, би топтары және ұлттық аспаптар оркестрі мен домбыра орындаушыларының өнерлері ұсынылады.

Биыл Eлбасы шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық Домбыра күнін кеңінен атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Ақтөбе қаласында да осы мерекеге орай акциялар мен мерекелік шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы барлық перзентханаларда 1 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясы осы күні бірінші жаңа туған нәрестелер үшін салтанатты құттықтау мерекесін өткізіп Ассамблеяның логотипі бар домбыраны сыйға тартады.

Дәл осы күні сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін «Нұр Ақтөбе» ауданындағы мектеп ауласында, «Орталық» және «Шығыс» базары алаңдарында, «Батыс-2» шағын ауданындағы «Денсаулық» саябағында «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

Қала тұрғындарына мерекелік бағдарламалар, домбыра, вокалшылар, би топтары және ұлттық аспаптар оркестрі мен домбыра орындаушыларының өнерлері ұсынылады. Мерекеге қатысушылар үшін халық әндері мен танымал композиторлардың шығармалары орындалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды