Денсаулығына байланысты белгілі спорт функционері Әбіл Дөңбаев Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымынан кетті. Бүгінгі күні, спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметіне Рүстем Байсеитов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ақпараттық-спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.
Айта кетер жайт, Әбіл Дөңбаев басшылығымен Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы елеулі жетістіктерге жетті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы Ұлттық Олимпиада комитеті өткізген «Үздік спорттық аймақ» байқауына қатысып, еліміздің ең спорттық аймағы атағына ие болды.
Әбіл Бекетұлының бастамасымен Алматы қаласының тұрғындарын жүйелі түрде спортпен айналысуға бағытталған «Спорт менің ауламда», «Наурызбай ауданындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тәрбиелеу», «Белсенді ұзақ өмір» - қалалық аудандардың зейнеткерлерін қолдап, коммерциялық фитнес орталықтар мен клубтарда тегін жаттығулармен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа әлеуметтік жобалар іске асырылды.
Сонымен қатар, 2017 жылы Алматы құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Қысқы спартакиданың жеңімпазы, IV Жастар спартакиадасында үздігі атанып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. 2016 жылы Алматы қаласының құрамасы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы спартакиадасында ең үздік атанды.
Алматы қаласының тұрғындары мен спорт қоғамдастығының өкілдерінің пікірлері бойынша, қалада жүйелі түрде оқу-жаттығу і жиындары ұйымдастырылып, жоғары деңгейдегі спорттық-сауықтыру шараларын дайындау және өткізу, сондай-ақ басқа да көптеген әкімшілік және тұрақты жұмыс жүргізілді.
Білікті басшының басқаруымен үстіміздегі жылдың басынан бері 3 мыңнан астам бұқаралық-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Олардың ішінде ең ауқымды жобалар - 2017 жылы өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада, Алматы марафоны, «Алматы Туры» көпкүндік веложарысы, қазақ күресінен «Алматы барысы», Шымбұлақта «Тау және спорт фестивалі», «Ұлы Дала ойындары», футзалдан Еуропа кубогының финалы және тағы басқа да шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Әбіл Бекетұлы басқарманың басшысы қызметіне 2016 жылдың 20 тамызында тағайындалған болатын. Алматы қаласының спорттағы табыстары мен жетістіктері қала әкімдігінің жан-жақты қолдауымен және Әбіл Дөңбаев бастаған Дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысымен байланысты.