Көліктің айнасын ұрлайтын ұрылар қанша "табыс табады"

Айналарды шамамен 7-10 мың теңгеге өткізеді.

Жасырын қалуды өтінген дереккөз автокөлік айналарының бағасы туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Lexus GX460 автокөлігінің бір айнасының құны базарда 20-дан 30 мың теңгеге дейін.

"Lexus GX460 көлігінің айнасының құны әр түрлі бағада 20-30 мың теңгеге дейін. Айналарды шешіп алған ұрылар оны шамамен 7-10 мыңға өткізеді. Бұл олардың бір айна үшін табатын орташа "табысы". Егер ең жоғары бағаны айтатын болсақ, егер ұрылар айнаны "балқытатын" болса, онда оларға ең көп дегенде 20 мың теңге берілетін еді. Қазір болған оқиғалардың себебінен автокөлік нарығындағы бағаны анықтау мүмкін емес", - дейді сұхбат беруші.

Ол сондай-ақ, бұл жерде әңгіме сырты жоқ, тек айнаның өзі туралы екенін ескерте кетті. Толық жиынтығы әлдеқайда қымбатқа түсетінін айтады.

19 шілдеде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында шамамен күндізгі сағат 15:00-де Денис Тенге екі адам шабуыл жасады. Қарулы қақтығыс кезінде мәнерлеп сырғанаушы пышақ жарақатын алды. Келіп жеткен жедел жәрдем Денисті № 12 Орталық клиникалық ауруханаға жеткізеді. Алған жарақатының салдарынан спортшы ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта бір күдікті қамауға алынды, екіншісіне іздеу жарияланды. Іздеу шараларына қалалық Ішкі істер департаментінің барлық қызметкерлері жұмылдырылды, ең мықты оперативті тергеу тобы құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: