Павлодарлықтар халықаралық әскери ойындарына қатысады

Рavlodarnews.kz 
Биылғы жылы Әскери ойындар Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран және Қытай сынды жеті мемлекетте өтеді.

Павлодарлық әскери қызметшілер Қазақстан құрамасының сапында халықаралық әскери ойындарына қатысады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Тимур Жағыпаров мәлім етті.

- Халықаралық әскер ойындарында қазақстандықтар 28 байқаудың 14-іне қатысады, - деді Тимур Жағыпаров.

– Қазақстан Қарулы Күштерінің командалары «Әскери халықаралық ойындары-2018» сайысының байқауына қатысу үшін кетті. ҚР ҚК құрама командаларының қатарында 300-ге жуық әскери қызметші бар. Олар Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясына аттанды.

Ел аумағында аталмыш байқау шеңберінде «Артиллериялық оқ ату шеберлері», әскери байланысшылардың «Сенімді айла-тәсіл» және ұшқышсыз ұшу аппараттарының «Сұңқардың аңшылығы» сайыстары өтеді. 1-тамызда басталған Қазақстандағы ойындар 9-тамызда аяқталады.

Биылғы жылы Әскери ойындар Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран және Қытай сынды жеті мемлекетте өтеді. Әзірге қазақстандық әскери ұшқыштар Ресей Федерациясының аумағында өткізіліп жатқан «Авиадартс-2018» байқауына қатысу үшін 4++ үлгісіндегі СУ-30СМ майдандық және армиялық авиацияның ұшу аппараттарын тасымалдауды жүзеге асырды.

Аталмыш байқауға қатысу үшін үздік ұшу және инженерлік-авиациялық құрам іріктелді.

Айта кетейік, ұшқыштардың арасында Павлодар облысы Ақтоғай ауданынан шыққан, әуе қарулы күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов бар. Дәурен Қосанов ұшқыштардың іс-қимылдарын басқаратын болады.

Сонымен қатар, Ертіс өңірінен келісімшарт бойынша шақырылғандар әскери әуе күштері мен құрлықтық әскердің, әскери теңіз күшінің сапында өнер көрсетеді.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі