Алматыда үш жыл ішінде 1300-ден астам аула жөнделді

Аулаларда жаңа спорт және балалар алаңдары жасалуда, балдырғандардың спортпен шұғылдануы үшін тренажерлер, ойын кешендері орнатылуда.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күн сайынғы жұмыс сапары барысында қала аулаларын реконструкциялау қарқынын тексерді. Егер мегаполисте 2016 жылы 300 аула көріктендірілсе, 2017 жылы 400-тен астам аула жөнделді, ал биылғы жылы 600-ден астам аула күрделі жөндеуден өтуде. Соңғы үш жылда 3787 алматылық ауланың 1338-і абаттандырылды. Бұл туралы zakon.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аулаларда жаңа спорт және балалар алаңдары жасалуда, балдырғандардың спортпен шұғылдануы үшін тренажерлер, ойын кешендері орнатылуда. Асфальтты және резинкалы едендер қайта жасалып, орындықтар, урналар мен МАФтар қойылуда, жасыл желек көбеюде.

«Қауіпсіз қала» бағытында жаңа жарық көздері орнатылуда. Кейбір аулаларда пилотты режимде жарық көздері күн энергиясымен жұмыс істеуде. Болашақта өзге аулаларды жөндеу барысында оны кеңінен қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

Қала басшысы жұмыс сапары кезінде «Орбита-1» ықшам ауданындағы №16, 17, 18, 19, 2, 21 үйлер тұрғындарымен кездесті, мұнда жаңа хоккей, футбол алаңдары пайда болған, кедергісіз инклюзивті ойын алаңы жасалған.

«Біз аулаларды көп жөндеген сайын неге біздің ауламызды жөндемейсіздер деген өтінімдер жиі түсуде. Мен әрбір алматылық ауланың жөндеуден өтетініне уәде беремін. Ол үшін біз бөлек бағдарлама қабылдадық және үш жыл ішінде 700 мың адамды қамтыған аулалардың 35%-ын жаңарттық. Біз үшін бұл маңызды, қалалықтар үшін қауіпсіздік пен жайлылық. Біздің аулаларымыз жарық көздері, спорт және балалар алаңдары бар тартымды аула болуы тиіс, мұнда балалар спортпен шұғылданып, ашық аспан астында ойнай алады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Бұлардан өзге, жыл аяғына дейін ТҮК модернизациялау аясында тағыда 174 үйдің сырты, шатыры, подъездері жөнделеді, 226 лифт ауыстырылады.

Жалпы, Алматыда соңғы үш жыл ішінде ұзындығы 500 км болатын 524 көше жөнделді. Тек соңғы жылы ғана 800 км инженерлік желілер салынды және қайта жасалды.

Қаланың тарихи орталығын жаңғырту жалғасуда. Егер өткен жылы Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсейітова көшелері мен «Астана» алаңы қайта жасалса, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даңғылдары, «Алматы 2» теміржол вокзалының алаңы және Республика Сарайының алды жаңару үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: