Қазақстан Азия ойындарындағы 15-ші медаліне қол жеткізді

www.inform.kz
Жекелей сында өнер көрсеткен Куликов жапон және қытай спортшыларына ғана жол берген.

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қазақстан 15-ші медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 15-ші медальді байдарка мен каноэ есуден Қазақстан командасының мүшесі Александр Куликов жеңіп алды. Ол ескек есудегі «слалом» бағдарламасы бойынша үздік үшінші орынға табан тіреп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жекелей сында өнер көрсеткен Куликов жапон және қытай спортшыларына ғана жол берген.

Осылайша, Александр Куликов Қазақстан қоржынын 15-ші медальмен толтырды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына 14-ші медалді салғанын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды