Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады

today.kz
Дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталықта және шығыста найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстіктің кей жерінде қатты жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген ауданында солтүстік тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертен кей жерінде тұман болады.

Алматы облысында таулы ауданындарда найзағай күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.

Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді