Атырау облысына зымыран бөлігі құлады

www.inform.kz
Арнайы мамандар зымыранның бөлігі табылған жерді қоршауға алды.

Атырау облысына «Нысана» зымыранының бір бөлігі құлады. Қолданушылары зымыранның сынған бөлігінің суретін желіде жариялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ТЖД-ға сілтеме жасап.

Атырау облысы ТЖД жедел кезекшісі мәлім еткендей, «Нысана» зымыранының 7-8 метрлік бір бөлігі 23 тамыздан 24 тамызға қараған түні Құрманғазы ауданына қарасты Құрманғазы елді мекенінен 20 шақырым жерде құлаған.

«Зымыран бөлігі құлағаннан кейін сол жердің құрғақ шөбі өртене бастаған. ТЖД қызметкерлері оны ауыздықтап үлгерді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Радиациялық аясы нормасынан асқан жоқ», - деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Оқиға орнында арнайы жасақталған комиссия жұмыс жасап жатыр.

Арнайы мамандар зымыранның бөлігі табылған жерді қоршауға алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады