Лос-Анжелестің 45 жастағы тұрғыны Пол Гонсалес алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін сот алдында жауап бермекші. Ер адам әйелдермен танысып, олардың есебінен тамақтанып пайдаланып келген, деп жазады Stan.kz.
Гонсалестің кем дегенде 10 әйелді алдағаны белгілі болды. Ер адам әдеттегідей, ғаламтор арқылы әйелдермен танысып, содан кейін оларды мейрамханаға кездесуге шақырған. Онда жомарт джентельмен болып көрінгісі келген Гонсалес бірнеше қымбат тағамға тапсырыс берді. Қартын тойдырған алаяқ содан кейін дәретханаға баратынын немесе телефонмен сөйлесу керек екенін айтып, қашып кеткен. Нәтижесінде, мейрамханаға шақырылған оның серіктесі төленбеген есепшотты құшақтап қалды.
Күдіктінің құрбы қыздарының бірі Гонсалестің бірінші кездесуде-ақ шамамен 100 долларға үйіне тағамға тапсырыс бергенін айтты. Бір қызығы, Гонсалес әйелдерге ауыр атлетикамен айналысатындығын және оған калория қажет екенін айтып, оларды сендірген. Ол барлық жағдайларда кездесуде ұзақ отырмайды. Қомағай альфонс қарнын тойдырғаннан кейін бірден серіктесін мейрамханада қалдырып, өзі кетіп қалып жүрген.
Гонсалестің әйелдерге келтірген шығынының жалпы сомасы 950 долларды құрады. Жақын арада ол алаяқтық, опасыздық және ұрлық жасағаны үшін сотталатын болады. Әйелдердің ақшасына тамақтанғыш қу альфонс енді 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.