Қыркүйектің 9-ы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтеді

Ақпараттық және спорттық ХАБ
Мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады.

Жексенбі, қыркүйектің 9-ы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда кезекті велошеру өтеді, деп хабарлайды zakon.kz ақпараттық және спорттық ХАБ берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналады. 09:00 –да басталатын велошерудің бағытында әуесқойлар Әл-Фабари даңғылымен жүріп, Тұңғыш Президент саябағында аяқтайды. Оның қашықтығы 8 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он алтыншысы болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды