Ботстванада 90-ға жуық піл өлтірілді

nashzeleniymir.ru
Мұны осы ауданда шілдеден бері санақ жүргізген қайырымдылық ұйымы хабарлап отыр.

Африканың Ботствана мемлекетінде 90-ға жуық пілдің өлексесі табылды. Олардың көбінің азу тісі шабылып, ұрланған. Бұл туралы zakon.kz, kaztrk.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны осы ауданда шілдеден бері санақ жүргізген қайырымдылық ұйымы хабарлап отыр.

Оның өкілдерінің сөзінше, пілдер браконьерлердің мұнша үлкен шабуылына бұрын-соңды ұшырамапты.

Алайда, жергілікті Орман шаруашылығы және ұлттық парктер департаменті бұл мәліметті жоққа шығара отырып, пілдердің көбі «табиғи себеппен» өлгенін мәлімдеп отыр.

Айта кетсек, Африкадағы пілдердің төрттен үш бөлігі Ботсванада тіршілік етеді. Олардың саны 2010-2015 жылдар аралығында 15 пайызға кеміп кеткен.

Арыстан Рысбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды