Нұрсұлтан Назарбаев Ватиканның папалық кеңесіне сыйлық табыс етті

www.inform.kz
Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр.

Қазақстан Президенті Ватиканның папалық кеңесіне «Дінаралық диалогқа үлес қосқаны» үшін сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бірлесе күш сала отырып, атқарар басты шаруамыз туралы тағы бір мәрте айта кетуге рұқсат етіңіздер. Жаһандық деңгейде ойлау парадигмасын қайта қосып, конфрантациядан кооперацияға көшуіміз керек. Күштік эгоизм мен әлеуметтік нигилизмнен, экономикалық ұлтшылдықтан - жауапкершілігі зор ойлы компромистердің жолын іздеуге көшкен абзал. Жіті бөлектену өрісінің беті қайтарылуы тиіс. Бұл міндеттердің ауқымын жақсы түсініп отырмын. Бірақ, осы ретте рухани сала қаншалықты маңызды рөл атқаратынын да білемін. Дін - қашан да мәдениет мен қоғамдық қарым-қатынасты қалыптастыратын күштің іргетасы бола білген. Қазір де дін мен оның лидерлерінің ықпалы қала береді», - деді Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде.

Нұрсұлтан Назарбаев өркениеттердің қақтығысы - адамзаттың қалауы емес екенін тілге тиек етті.

«Бәрін өзгерту өз қолымызда. Күшімізді біріктіріп, гармониялық әлемдік тәртіпті іздеу керек. Бұрын адамзаттың тарихында бүгінгідей діндердің арасындағы көпірді орнату жұмысы іске асырылмаған. Біздің форум - ынтымақтастық орнатудың жаңа жүйесін қалыптастырады. Бүгінгі таңда бізге әлемдік перспектива тұрғысында ой алмасуға мүмкіндік туып отыр», - деді Президент.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Дінаралық диалогқа үлес қосқаны» үшін сыйлығын Ватиканның папа кеңесіне сыйлығын табыс етті.

Еске сала кетсек, елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент