Жексенбі, қазанның 14-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала күніне арналған күздің бесінші велошеруі өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары таңертен сағат 09:00-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналады. Олар 09:30-да велошеруді бастап Әл-Фабари даңғылы бойымен 7,5 км қашықтықты бағындырады. Қатысушылар Тұңғыш Президенті саябағында велошеруді аяқтайды.
Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады.
Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он тоғызыншысы болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.