Астанада 70 жастағы әжей таксиде 6 миллион теңгесін тастап кетті

Sputniknews.kz
Зейнеткер банктегі есепшотынан қомақты ақша шешіп алып, ақ түсті көлікке отырған.

Астана полицейлері зейнеткерге жоғалтып алған 6,5 миллион теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Байқоңыр" ауданы полиция бөлімшесіне 70 жастағы әжей жүгінген. Ол таксиде қомақты ақша салынған пакетті тастап кеткенін хабарлады.

Зейнеткердің айтуынша, қаладағы банктердің біріндегі есепшотындағы ақшасын шешіп алғаннан кейін далаға шығып, ақ түсті таксиге отырған.

Көліктен түскеннен кейін бір-екі минуттан соң қария таксидің артқы орындығында ақшасын ұмытып кеткенін біледі.

"Ақшасын тастап кеткеніне қынжылған әйел полицияға келеді. Аудандық іскі істер басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерінің дұрыс әрекетінің нәтижесінде бейнебақылау камераларынан зейнеткерді жеткізіп салған "Хонда" көлігі анықталады. Такси жүргізушісін полицияға жеткізіп, көліктің артынан ақша салынған пакет табылды", — деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызме
ті.

Зейнеткер ақшасын тез тауып берген полицейлерге алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты