Шымкентте жүкті келіншекті үш ай бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген

sn.kz
Екі қыз қызмет көрсеткен клиенттері арқылы «Сана сезім» орталығындағыларға хат жазып жіберіп, көмек сұрайды.

Жас бойжеткен жігітпен ғаламтор арқылы танысып, жігіт оны кездесуге шақырады. Қыз облыстағы аудандардың бірінде тұрады екен. Құрбысын алып Шымкентке келеді деп жазады sn.kz.

Кафеде тамақтанып болып, қайтпақ болғанда қасына досын ерткен әлгі жігіт «Пәтерімізге кіріп ақша алып шығайықшы. Сендер далада тұрып қайтесіңдер, қорқып қаласыңдар, тас қараңғы. Бірге жүріңдер» деп алдап алып кіреді де, екі қызды пәтерге қамап қояды.

Ең сорақысы, әлгі қыздың құрбысы отбасылы, тіпті аяғы ауыр болған екен. Мерзімі екі айлық. Күйеуімен ренжісіп, төркініне кеткен кезде кішкене көңіл көтеріп келейін деп құрбысының өтінішіне қарсылық таныта алмапты. Жігіттерге өзінің жағдайын түсіндірсе, олар сенбеген. Сонымен үш айдай жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болады. Әлгі жігіттер оларды қарумен қорқытып, күштеп ұстап отырыпты.

Екі қыз қызмет көрсеткен клиенттері арқылы «Сана сезім» орталығындағыларға хат жазып жіберіп, көмек сұрайды. Орталықтағылар полицейлердің көмегімен мәжбүрлі түрде жезөкше атанғандарды алып шығады. Тек өкініштісі, жүкті әйел баласын аман алып қала алмапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін