Шымкенттік әйелдің бала ұрып жатқан тағы бір видеосы жарияланды

sputniknews.kz
Әлеуметтік желіде кәмелет жасқа толмаған балаға күш қолданылғаны түсірілген шымкенттік әйел туралы тағы бір бейнежазба жарияланды.

Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының дәретханасында баласын ұрған әйелдің сол баланы қала көшелерінің бірінде тағы ұрғаны туралы екінші бейнежазба тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденованың айтуынша, дәретханада баласын ұрған әйелдің үстінен қылмыстық кодекстің 140-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Оған қоса бүгін инстаграм желісінде сол әйелдің қала көшелерінің бірінде баланы тағы ұрып жатқан видеосы тарады. Қазір полиция қызметкерлері әйелмен жолығып, бүгінгі бейнежазба бойынша анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", — дейді баспасөз хатшысы.

Бұған дейін бұл әйелге қатысты әлеуметтік желіде видео тараған болатын. Ол Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының дәретханасында баланы жылатып қойып, ал өзіне ескерту жасаған әйелдерге дөрекі жауап береді.

Желі қолданушысы бейнежазбаға: ""Бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып, теуіп жатқан əйелдің араша түскен адамдарға айтқан сөзі…", — деп жазба қалдырған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді