Нығматулин: Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалды

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі
Палата Спикері атап өткендей, Мәжіліс аталған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Бүгін Мәжіліс Спикері Н. Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан Палатаның жалпы отырысында «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты деп жазады zakon.kz.

Осы орайда, Мәжіліс Төрағасы еліміздің негізгі қаржы құжаты - үш жылдық бюджеттің мақұлданғанын алға тарта келіп:- Ең бастысы - бұл заң жобасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалынды. Ендігі басты міндет – ол осы бөлінген әрбір тиынды дұрыс пайдалану керек. Бұл - еліміздің тұрақты дамуына ықпал етіп, әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың өмір сапасын күшейтуге жаңа серпін беретін болады,-деді.

Өйткені, бюджетте азаматтардың кірісін көбейтуге, білім, денсаулық саласын жақсартуға, сонымен бірге, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және өңірлік, аймақтық инфрақұрылымдарды дамытуға басқа да маңызды салалар бойынша тиісті қаржы қарастырылған.

Палата Спикері атап өткендей, Мәжіліс аталған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады