Өскемендегі аурухананың бірінде аға медбике екі жыл бойы әріптесінің ақшасын ұрлап келген

rtr-vesti.ru
Айыпталушы сот процесі басталғанға дейін жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшерін қайтарып берді.

Мәселен, мекеменің есепшісі пәтерін сатып, 30 мың АҚШ долларын жұмыс орнындағы сейфте сақтаған. Мұны білген әріптесі кез келген уақытта қалауынша ақша жымқырып жүрген. Бұл туралы zakon.kz, kaztrk.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Осылайша, медбике екі жылда 15 мың долларды қалтасына басқан. Тіпті несиесін төлеп, қалған ақшаны өзінің қажетіне жаратқан.

Ал, әріптесінен жапа шеккен әйел ақшасының жоғалғанын кеш білген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, аурухана қызметкері 5 жылға шартты түрде сотталды.

Айыпталушы сот процесі басталғанға дейін жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшерін қайтарып берді.

Виктория Ляпунова, Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы: - Сот сотталушының жәбірленушімен татуласуын, келтірілген залалдың толық өтелгенін, өкініш білдіруімен қатар, кінәсін толық мойындағанын, сонымен қатар, оның жағымды мінездемесін жазаны жеңілдететін жағдай деп қарап, процессуалдық келісіммен келісу туралы қортындыға келді. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады