Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов спорттық жолын аяқтады

sputniknews.kz
Оның жарақаттары бар, емдеу үшін уақыт қажет.

2012 және 2016 жылдары Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болған, бұрынғы әлем және Азия чемпионы Әділбек Ниязымбетов спорттық жолын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл жайлы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Ия, Әділбек бізбен ақылдасқаннан кейін осындай шешім қабылдады. Ол көп жылдар бойы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Жеңістері де аз емес. Қазақстан жалауын көкке көтерді. Оның жарақаттары бар, емдеу үшін уақыт қажет. Ал спортшының денсаулығы бәрінен де жоғары»,- деді Мырзағали Айтжанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы