Қарағандыда жүргізуші әйелі мен қызын басып кетті 

sputniknews.kz
Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапса, қыз бала ауруханада комада жатыр.

Қарағанды облысында Тоғызқұдық ауылына жақын жерде түнде "Нива" көлігінің жүргізушісі трассада әйел адам мен жеті жасар қызды қағып кетті деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қарағанды облысы полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты түн ортасында болды. Тоғызқұдық ауылының 42 жастағы тұрғыны үйіне қайтып келе жатқан. Жол шетінде әйелі мен қызы бара жатыпты. Олардың түн ішінде жолда не істеп жүргенін полицейлер хабарламады.

Ресми емес дерек бойынша, отбасы қонақтан қайтып келе жатады. Рөлде отағасының бауыры отырыпты. Мас ер адам ашуланып, отбасы мүшелерін көліктен қуып шықса керек. Әйел мен қыз бірнеше метр алға жүріп кеткенде, көлік жүргізуші абайсызда екеуін қағып кетеді. Қандай жылдамдықпен қаққаны белгісіз. Әйел адам жедел жәрдем келгенше көз жұмса, қыз бала ауыр хәлде ауруханаға түскен.

"Бала комаға түскен, — дейді денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. – Өз бетімен дем алмайды, өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Бас миына қатты зақым келіпті. Дәрігерлер әлі нақты ештеңе айтқан жоқ".

Іс тергеліп жатыр, ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті