Жалпы өңірде жекешелендірудің кешенді жоспарында көрсетілген іс-шаралар мерзімінде орындалды. 2016-2018 жылдары жалпы сомасы 379 млн. теңгені құрайтын 8 нысан жекешелендірілді. Олардың 3 коммуналдық меншік нысандары болса, 5 «ӘКК «Байқоңыр» АҚ тиесілі. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі хабарлайды.
Биыл аукциондарда өтпеген 4 нысанды жою туралы шешім қабылданды. Одан бөлек Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен «Қорқыт ата» әуежайы жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тасталынды.
Өңірде ұйымдарды оңтайландыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Мысалға, бүгінгі күнге денсаулық сақтау саласында 3 аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерге біріктірілді. Сондай-ақ облыстық психикалық денсаулық орталығын облыстық наркология орталығымен біріктіру туралы қаулы қабылдануда.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау ұйымдарын дамытудың перспективті жоспарына сәйкес, облыстық тері-венерологиялық диспансері, онкологиялық орталығы, жұқпалы аурулар ауруханасын қалалық ауруханасына біріктіріп, облыстық көпсалалы аурухана құру жоспарлануда.
Мұнан бөлек, келер жылы мәдениет саласында мұражай, кітап¬хана, мұрағаттарды және орман шаруашылығы, ветеринария саласының ұйымдарын біріктіру пысықталуда.