"Қалың қар мен тұман". Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

24.kz
Синоптик мамандар Қазақстанда ауа райының күрт суытатынын айтады.

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптик мамандар Қазақстан территориясының көп бөлігінде күннің күрт суытатынын айтты.

"Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары солтүстік-батыстікімен алмасып, күн қатты суытады. Себебі, бұл ағындар Баренцев теңізі ауданынан арктикалық ауа массаларын алып келеді", — делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, мамандар күн суытпас бұрын Қара теңізден келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік бөлігі арқылы өтіп, елде қалың қар жауып, батыстан қатты жел соғатынын хабарлады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде бұл уақытта тұман мен көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты