Үш жасар бала аяз буған тайгадан жалғыз өзі шыққан

inform.kz
Баланың түсіндіруінше, әкесі ұлына ауылға қайтуын айтып қана үлгерген.

РФ Хабаровск өлкесіне жақын маңдағы орманда қалып қойған үш жасар бала аман қалды. Ол шағын елді мекеннен бірнеше шақырымдағы өзенге батып кеткен әкесінің өлімінен кейін жалғыз қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін РФ Комсомольск ауданы Кенай ауылының әкімшілігі хабарлады. Жергілікті тұрғын кешкісін ұлын балабақшадан алып, бірге өзенге барған. Ол алдағы күндері балық аулауға бару үшін жолды біліп қайтпақшы болған.

Ер адам елді мекеннен 3 шақырым қашықтықтағы орманда баласын жағалауға түсіріп кеткен. Өзі қар кешкішпен өзеннің үстімен жүріп келе жатқанда, мұз жарылып, суға батып кеткен.

Баланың түсіндіруінше, әкесі ұлына ауылға қайтуын айтып қана үлгерген. Бүлдіршін қар кешкіштің ізімен үйіне қайтпақшы болады. Ол жолға шыққаннан кейін, ауылға қарама-қарсы бағытпен кетіп қалады.

Ауа температурасы түнде 30-35 градус аяз болған. «Абырой болғанда, көлік мүлдем жүрмейтін жолмен ағаш дайындайтын кәсіпорыннан жергілікті тұрғындардың бірі үйіне қайтып келе жатқан.

Ол баланы көріп қалып, үйіне жеткізген», - деді ауыл әкімшілігінің қызметкері Гүлнара Канавцева. Қазіргі таңда мұздың астына батып кеткен ер адамның денесі іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды