Қ.Тоқаев депутаттық сауалдарға толық жауап беру туралы ескертті

24.kz
Сенаттың жалпы отырыстарында 80 заң жобасы қаралып, оның ішінде 72-сі қабылданды, 8-і сенаторлар түзетулерімен Мәжіліске бағытталды.

2019 жылы Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған заң жобалар пакеті Парламент қарауына келіп түседі. Бұл туралы 2018 жылдағы ҚР Парламенті Сенатының қорытынды Бюро отырысында Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Қ. Тоқаев ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасай келе, Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратұа сілтеме жасап хабарлайды.

Сенат тарапынан жоспарлы әрі мазмұнды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Осы орайда Елбасы реформаларын жүзеге асыруға бағытталған маңызды заңдар қабылданды.

Сенаттың жалпы отырыстарында 80 заң жобасы қаралып, оның ішінде 72-сі қабылданды, 8-і сенаторлар түзетулерімен Мәжіліске бағытталды. Сонымен қатар, өзекті тақырыптар бойынша 70-ке жуық маңызды шара ұйымдастырылып, соның нәтижесінде атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді. Үкіметке 100-ден астам депутаттық сауал жолданды.

«Депутаттық сауалдарға келген жауаптардың көпшілігі депутаттардың көңілінен шықпағанына Үкіметтің назарын аударған болатынбыз», - деді Сенат төрағасы. Қ. Тоқаев алдағы жылы Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған заң жобалар пакеті Парламент қарауына келіп түсетінін жеткізді. «Бізге отандық заңнаманы жетілдіру түсіп, жұмыс сапасын жақсарту керек. Бұл біздің негізгі мақсат», - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды